Наурыз мерекесі Шуда.

Наурыз мерекесі Шуда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміз шат-көңілмен қарсы алатын көктем мерекесі Наурыз мейрамы. Бұл күнді халқымыз «ұлыстың ұлы күні»-деп атаған. Осы мерекеге орай Шу ауданына қарасты Төле би мешітінде мерекелік дәм наурыз көже тартылды. Осынау шуақты күнде мешітке қонақ ретінде мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды.дастархандағы дәмнен ауыз тиген соң, имани тұрғыды насихат айтылып, жиналғандарға кітапша таратылды.

 Баршамыз күйбен тірліктің сарсаңымен мүмкіндігі шектеулі жандарды ұмытып жатамыз, алайда ата дініміз Ислам жүруде, көруде, сөйлеуде қиындық көретін жандарға әрдайым қамқорлық жасауға үндеген. Әрі қазақ халқымыз сондай халдегі жандарды мейірге бөлеуді дәстүрдің бір ұшы деп білген. Осы сөздердің істе қуатталуы үшін муфти-хазірет Ержан қажы Малғажыұлы биылғы жылды «дін мен дәстүр сабақтастық»жылы деп жариялады.  Сол үшінде әрі дінде, әрі муфти бастамасында көрсетілген қайырымдылық шарасы мұнымен шектелмек емес.

 Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: