Наурыз меркесін тойлау жалғасуда

Наурыз меркесін тойлау жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай жерінде ұлыстың ұлы күнін тойлау өз жалғасын табуда. Олай дейтініміз бүгінде аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт асханасында наурызға арнайы дастархан жайылып, дәстүріміз дәріптелді. Наурыз дастарханына осы жолы кең көлемде болды.

Дастарханнан дәм-тұз татуға аудандық мекеме басшылары, кәсіпкер азаматтар, мешіт жамағаты, аудандық ардагерлер кеңесінің ақсақалдары, сауат ашу курсының шәкірттері арнайы шақырылды. Мерекенің бет пердесі қасиетті Құран оқумен ашылып, 97 жасар Қайым ата өз батасын берді.

Мерекелік жиын барысында Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы уағыз айтып, Бас мүфти Е.Малғажыұлы осы жылды дін мен дәстүр жылы деп жариялағанын жиналған жамағаттың тағы бір есіне салды.

Қоғам қайраткері, мемлекеттік мекеме басшысы Б.Байтөле жиналған қауымға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мәңгілік ел бағдарламасы мен еліміздің атауын Қазақ елі деп өзгерту жайлы ұсынысты талқыға салып, оны қолдауға шақырды. Ақсақалдар, кәсіпкерлер, жалпы жамағат Елбасының ұсыныстарын бір ауыздан қолдайтынын жан-жақтан білдіріп жатты. Мерекелік шара мешіт қызметкерлерінің әсерлі уағыздарымен, ақсақалдарымыздың өнегелі сөздерімен, ақ баталарымен әрлене түсті. Міне осылайша Қордай жұрты бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, дәстүрімізді дәріптеп, Жаратушымызды мадақтап Наурыз мейрамын атап өтуде. Лайым солай болғай я Алла!


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің
наиб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: