Ұлыстың ұлы күні Қордайда.

Ұлыстың ұлы күні Қордайда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көктемнің алғашқы шуақты күндері келе сала,  Қордай жамағатының бірлігі жарасып, жұдырықтай жұмыла  тағы да бір ізгі істі атқарып жіберді.  Бас Муфти Ержан қажы Малғажыұлы  ағымдағы жылды «дін мен дәстүр»  жылы деп жариялауы Қордай діндарларына қосымша серпін беріп, жамағат пен аудандық «Қордай» мешітінінің  қызметкерлері аянбай еңбек етіп,. ата- бабаларымыз ежелден тойлаған Әз-Наурыз мерекесіне орай кең-мол дастархан жайылды.

Дастархан басына ауыл ақсақалдары, мешіт жамағаты және сауат ашу курстарының шәкірттері шақырылды. Жиналған қауым бір-бірін Алланың алдында ұлық болған жұма күнінің   мүбәрәк болуын тілеп, ұлыстың ұлы күні Наурыздың келуімен бір-бірін  шаттана құттықтап жатты. Қасиеті Құранның аяттары оқылып, ақсақалдар ақ батасын беріп игі іс басталып кетті.Дастархан басына жиналған қауымға Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай  дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы әсерлі уағыз айтты. Мерекелік тағам Наурыз көже беріліп,  өнегелі сөздер бірінен кейін бірі айтылып отырыс әсерлене түсті. Халықтық мереке осылай  ары қарай жалғасын табады деген ниетпен жамағат тарқасты.

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешітінің

наиб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: