№1 Д.А.Қонаев атындағы мектеп гимназиясындағы жиналыс

№1 Д.А.Қонаев атындағы мектеп гимназиясындағы жиналыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық  ел ағасы Д.А.Қонаев атындағы №1 мектеп гимназиясында жастар мәселесі бойынша келелі жиын өтті.  Жиынға  мектеп оқушылары, мектеп ұстаздары, ата-аналар, аудандық әкімшілік қызметкерлері ІІБ-ның полиция инспекторы және Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай қатысты. Жиналыстағы басты тақырып  жастар және қылмыс болды. Жиналыс барысында жастардың қылмыстық әрекеттері жайлы бейнеролик көрсетіліп, бейнероликті жиналған ата-аналар, оқушылар талқыға салды. Мамандар да қалыс қалмай, өздерінің кәсіби ойларымен бөлісті.

Жиналысты жалғыстыра отырып Ә.Шалбай жастардың қылмыстық әрекетке баруы бұл имани әлсіздік екенін кәсіби түрде түсіндіріп, «тәрбие тал бесіктен басталатынын» тілге тиек етіп ата-аналарға бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуге шақырды. Сөзін жалғасытыра келе бас имам Ә.Шалбай дін мен ғылым бауыр ұғым екенін түсіндіріп, дінді берік ұстана отырып пайдалы білімге қол жеткізуге болатынын айтып, діндар болашақ ұрпақ ешбір қоғамға қайшы әрекеттерге бармай қайта әдепті, отансүйгіш азамат болатынын түрлі үлгілілер арқылы келтіріп, аят пен хадистермен дәлелдеді..  Оқушылар мен ата-аналар тарапынан бас имамға түрлі сұрақтар қойылып, ол сұрақтарға Ә.Шалбай кәсіби деңгейде жауап қайтарды. Жиналыс жиналған барлық қоғам мүшелеріне пайдалы болды деген ойдамыз.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: