Меркі ауданында ауыл молдаларымен өткен жиын

Меркі ауданында ауыл молдаларымен өткен жиын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Басқосудағы негізгі мәселе екі тақырыпта өрбіді. Бірінші мәселе бойынша ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Діндарды ділмар етудің 10 жолы немесе Мүфтидің мотивациясына талдау жасап, дін қызметкерлерінің жан жақты діни шешендік қабілетті болу халық, заман талабына сай болмаса, діндар қайтіп ділмар болмақ? Өзгелерді өзіне қайтіп қарата алмақ деген ойдың мазалайтындығын айтқан дін басымыздың пікіріне келісіп, имам-молдалар дән риза болды. Жиынның екінші жағы, жақын күндері ауданға қарасты имам-молдалар аттестациядан өтетіндігін хабардар етті.

Қабылдау аттестациясы бұрынғы өткен аттестациялардан күрделілеу болатындығы. Дін мен шариғат саласына қатысты сұрақтармен қоса, Ата заңнан, Ислам құқұғы мен сенімі, Еңбек кодесі, тарих т.б. Мұндағы ҚМДБ-ның негізгі мақсаты діни қызметкерлердің діни білімділігімен қоса дүнияуи білімділігін де жетілдіріп, имамдарымыз жан-жақты қабілетке ие болу заман талабы. Бас қосу соңында ҚМДБ-ның тарапынан берілген төрт бағыттағы тапсырма бойынша 1) уағыз-насихат, 2) теріс ағымдармен жұмыс, 3) қайырымдылық іс-шаралар, 4)сауат ашу курсы.

Осы көрсетілген бағытта ауыл молдалары сіздер де өздеріңізге қарасты елді мекенде іс-шара ұйымдастырып, есеп ақпаратты апта сайын аудандық «Меркі-ата» мешітінің қызметкерлеріне тапсырып тұруларыңызды сұранамын. ҚМДБ-ның осындай ауқымды бағытта жасалып жатқан іс-шаралары біздерді қуантты. Жасалып жатқан ізгі істер көп ұлтты еліміздің ынтымақ-бірлігі, халқымыздың болашағы, еліміздің тыныштығы, келешек ұрпақ иманды өмір сүру үшін жасалып жатқан жақсылығы мол шаралар.

Аудандық меркі-ата мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: