Жұмыла істелген жұмыста береке бар

Жұмыла істелген жұмыста береке бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық әкімшіліктің  ұйымдастыруымен  және аудандық «Қордай» мешітінің ұйытқы болуымен,  әкімшіліктің жиналыс залында мешіт істеріне байланысты жиын өтті. Жиынның басты мақсаты мешіт құжаттарын реттеуге ат салысу, үгіт-насихат жұмыстарын арттыру, балалардың діни білім алу мәселелері болды. Жиналыста аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Жамангөзөв төрағалық етіп, Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай, жер қатынастары, әділет, сәулет бөлімі, ХҚО, БАҚ өкілдері, ауыл әкімдері және  аудан имамдары қатысты.

Мешіт құжаттарының реттелу барысы анықталып, аудандық әкімшілік тарапынан осы мәселеде жан-жақты қолдау көретілетінін айтып Б.Т.Жамангөзөв жігерлендіріп, нақты нәтижелердің көрсеткішін сәуірдің 1 жұлдызына дейін тапсыруды ауыл әкімдері мен имамдарға жүктеді. Екінші өзекті мәселе ол жастардың діни білім алу мәселелері қарастырылды. Мешіт имамдарына әлеуметтік көмек көрсету жайлы сөз қозғалып, осы тұрғыда ауыл имамдары  өз ойлары мен өтініштерін ортаға салды. Отырыс  өте пайдалы болып, біраз көкейкесті мәселердің шешілуіне түрткі болады деген сеніммен жиналыс тарқады.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: