Білімді имам білгенін жұртқа берер

Білімді имам білгенін жұртқа берер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тек қалада ғана емес, ауылғада арнайы ат басын бұрып, шалғай жердегі халыққа сәлем беріп, өз алған білімін өзгемен бөлісіп жақсылыққа шақыру білікті жандардың бірден-бір асыл қасиеті. Азат идеяны жүрегіне әрдайым сақтап, халықтың мұң-мұқтаждығын бөлісуге сақадай-сай тұратын имамдарымыз бар.

Осындай имамдарымыздың ішінде өңірімізде өзінің алатын орны бар, білімімен білігі қатар ұштасқан ұлағатты ұстаз, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла-Тарази» медресесі директорының орынбасары, «Молда Мухамеджан» мешітінің Бас имамы, Оразов Исатай қажы, Байзақ ауданы, Аймантөбе ауылы имамының Бастамашы болып ұйымдастыруымен өткізілген, еркін пікір алмасу негізінде ұйымдастырылған кездесуге барып қайтты. Исатай қажы Аймантөбе жұртшылығымен кездесу барысында, бүгінігі қоғамдағы дәстүрлі исламның орны, асыл дініміздің құндылықтары, экстремизмнің ел бірлігіне тигізетін зардаптары төңірегінде сөз қозғап, ауыл жұртының көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, жастарымызды имандылыққа тәрбиелеу, жат ағымдардың жетегіне түспеудің бірден-бір жолы екенін түсіндірді. Қымбат уақытын қиып, арнайы кездесуге барған Исатай қажыға ауыл жұртының ықыласы шексіз болды.

Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: