Қордай діндарларының кезекті жиналысы

Қордай діндарларының кезекті жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әдетегіндей, Қордай ауданының бас имамы  Ә.Шалбайдың ұйымдастыруымен Қордай ауданы бойынша имам-молдалардың кезекті ай сайынғы жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты, өткен істі саралау, болашаққа жұмыстарды жоспарлау болды. Ә.Шалбай ауыл имамдарынан ақпан айында берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша есеп алып,  жақсы деген баға берді. Сөзін жалғастыра келе Ә.Шалбай,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  мемлекетіміздің атауын  «Қазақ елі» деген атауға өзгерту жайлы бастамаларын талқылап, имамдар тарапынан бір ауыздан қолдау тауып, Алла қаласа халық арасында да осы мәселе бойынша жұмыс істейтіндерін алға тартты. 

Имамдар тұрақтылық және бейбітшіліктің құндылықтарын, халықтар достастығын кеңінен уағыздау қажеттігін Ә.Шалбай жиналғандардың есіне салды. Бас Мүфти Е.Малғажыұлының үш бағыт бойынша жұмыс істеу тапсырмасы бойынша үдейтуді тапсыра келе, әлі де артта қалып келе жатқан имамдарға нақты тапсырмалар берді. Мақсат айқын, Алла қаласа болашақ жарқын, ендігі мақсат тек Алла разылығы үшін қызмет  ету.

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: