Жас шаңырақ шайқалмасын десеңіз

Жас шаңырақ шайқалмасын десеңіз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысындағы іргелі оқу орындардың бірі, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ның Жастар сарайында, «Фемида» жастар клубы мен университет ұстаздарының ұйымдастыруында қоғамды толғанытқан мәселе «Ажырасудың зардаптары» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Аталмыш отырысқа БАҚ өкілдерімен қатар, ҚМДБ-ның жалпы жастар бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Ержан Маханұлы қатынасты.
Дөңгелек үстел отырысының мақсаты, Ажырасу атты әлеуметтік мәселенің негізгі себептерін, зияны мен салдарын, аспектлерін талдау, саралау және білімгерлердің әлеуметтік-құқықтық саналарын рухани тәрбиесін арттыру негізінде болып отыр. Отырыстағы сөз кезегінде, ҚМДБ-ның жастар өкілі Аманбаев Ержан Құранда «Әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды жек көретін болсаңдар, (ұмытпаңдар), Алла сендер ұнатпаған нәрсеге көп жақсылық жазған болуы да мүмкін», - дейді («Ниса» сүресі, 19-аят). Сонымен қатар: «Егер ол әйелдер сендерге мойынсұнып жатса, (ажырасуға) сылтау іздемеңдер. Күмәнсіз Алла Жоғары мәртебелі әрі Ұлы»,(«Ниса» сүресі, 34-аят) делінген деп Аят сөзге тиек етіп, тереңінен түсіндіріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Әрқандай жағымсыз қылық пен қателесудің алдын алатын бірден- бір имвнитет ол Иман.

Көгедай Шәмерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: