Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектеп оқушыларының аудан имамымен кездесуі қорытындысы туралы мәлімет

Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектеп оқушыларының аудан имамымен кездесуі қорытындысы туралы мәлімет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Егемен еліміздің ертеңі- болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті. Сондықтан да имандылықтың негізгі құралы , халық даналығы, дәстүрі мен дінінің тәрбие жөніндегі пікірлері. Әрі ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында кең орын алып отырған суицид мәселесімен күресуде жетекші маңызға ие екені айқын.

Екеуінің негізгі мақсаты адам баласын адамгершілікке, имандылыққа, білім мен ғылымды игеруге шақырып, ынтымақты болуға тәрбиелейді. Жастарының иманды болуы, білім мен ғылымды еркін игеруі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан 2050: бір мақсат, , бір мүдде,бір болашақ» атты жолдауында көрсетілген «Мәңгілік Ел» идеясының басты алғышарты деуге болады.

   Осыған байланысты Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектепте  тәрбие жоспарына сай «Рухани-имандылық тәрбиесі» апталығы жарияланды. Апталыққа 7-11 сынып оқушылары қамтылды. Аталған сыныптар тәрбие сағаттарын өткізіп, имандылық тәрбиесін насихаттады. Мәуліт мерекесіне сай келуіне байланысты, апталық кезінде оқушыларға Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың іс-әрекеттері негізінде жастарға имандылық, еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, имандылық қағидаттары насихатталды.

  Қорытынды кешке қонақ ретінде ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы, ауыл имамы Әбусейіт Қоспанов және ауыл ақсақалдары шақырылды.  шақырылды. Аят Дыбысұлы оқушылармен келген басқа да қонақтарды отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге, теріс қылықтардан сақтануға шақырды. Кеште имандылықтың тірегі- ана тіліміз насихатталды. Ананың бал әлдиінен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан ғайыр жерде бытырап, жоғалмай бір шаңырақ астында бірігуіне күшті құрал болатыны ұғындырылды. Оқушылар имандылық тәрбиесі бойынша өз шығармаларын оқып, көріністер қойды. Кездесу соңында сөз алған ауыл имамы Әбусейіт Қоспанов қатысушыларды Мұхаммед Райғамбардың өмірімен таныстырып, жақсы өнерімен көзге түскен, белсенділік көрсеткен оқушыларға мұсылман күнтізбесі, Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабын тарту өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: