Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!

Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Исі мұсылман жұрағаты Аллаһ Елшісі (с.а.с.)-ның туылған күніне орай əрбір жылы рабиғул-аууали айының 12-жұлдызы күні (2014 жылдың 12/13 қаңтар) мəуліт мерекесін тойлайды. Бұл мереке Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны белгілі.

Мәуліт оқу – Пайғамбар (с.а.с.)-ның дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді. Мәуліт түні қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн

Биылғы жылы да, Әз. Пайғамбарымыз (с.а.с.)-ның «Мәуліт» мерекесі Республика көлемінде өтетін бір айлық тойлауына орай, кеше біздің  Талас ауданы Қаратау қаласында Талас ауданының әкімі Д. Рымтаевтың қолдау көрсетуімен «Балалар өнер» мектебінде «Асыл мұра» студиясының, өнер тарландары өнерлерін көрсетті. Көрністер қойылып, бұл көрністер адамдардың көңілін селт еткізбей қоймады. Мәутітке деген халықтың қуаныштарында шек болмады. Қартарымыздан бастап жастарымызға дейін бұл мерекеге қатысып, жүректерінде Әз Пайғамбарымызға деген сүйіспеншіліктері ерекше болды.

Бұл түні пайғамбарымыздың туылғанына қуанғандар кешіріледі.

Хадис шәрифтерде былай бұйырылған:

            «Мені әке-шешесінен, баласынан және барлық адамнан артық жақсы көрмеген адам шынайы иман келтірген бола алмайды».

            «Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам, әрине оны көп есіне алады».

            «Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады».

Бұл күні Құран кәрім оқу, қаза намаздарды оқу, садақа беру, дұға оқу және Хақ та’аладан күнәларіміздің кешірілуін тілеу керек.

Мерекемізге қатысқандар:

Талас аудан әкімі Рымтаев Досан Тасболатұлы;

Жақсылық Жасөркен Берікұлы – ішкі саясат бөлімінің басшысы;

Махашев Қойшыбай Орынбекұлы – Қаратау қаласының әкімі; 

«Талас тынысы»  газетінің директоры – бас редакторылары Дүйсен Молдақұлов; 

Газет тілшісі – Сәбен Сәтұлы Қойшыбай;

Газет тілшісі «Тараз-Қазақстан» телеарнасының операторы Жандарбек Сабыров және қариялар мен жастарымыз қатысты.

Мəуліт мерекесі Пайғамбарымыз (с.а.с.)-ның дəуірінде дəстүрлі түрде тойланбағанымен, сахабалар екі дүниенің сəруары дүниеге келген күннің құрметіне ауыз бекітетін. Абдуллаһ ибн Аббастың айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мəдинаға келгенiнде еврейлердiң ораза тұтқандарын көрiп, мұның мəнiсiн сұрағанда, олар: “Бұл күннiң маңызы зор. Алла бұл күнi Мұса (с.а.с.)-ның қауымын құтқарды. Перғауын мен оның патшалығын жойды. Мұса (с.а.с..) осы күнi шүкiршiлiк ретiнде ораза тұтты. Бiз де сол үшiн ораза тұтамыз” деп жауап бередi. Осы шақта Пайғамбарымыз (с.а.с.) “Мұсаға сiздерден қарағанда бiз жақынбыз” деген болатын. Осыған орай мұсылмандар да Хақ Елшісі (с.а.с.)-ның дүние есігін ашқан күні ораза ұстап, адамзаттың асыл тəжі болған Мұхаммед (с.а.с..)-ға салауат айтатын. Өйткені, оның (с.а.с.) дүниеге келуімен адамзат баласының арайлы таңы атып, қараңғылықтың пердесі серпіліп, надандықтың көбесі сөгілген еді.

Талас ауданы «Қаратау» аудандық мешітінің

найб имамы Оразбаев Акбар

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: