Жихадтың «жазығы» жоқ

Жихадтың «жазығы» жоқ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Сауд Арабиясында геймер (компьютер ойындарының маманы) өз аты-жөні үшін желіде бұғатталды.

PlayStation Network ресурс модераторлары саудиялық азаматтың есімінде «Жихад» сөзі болғаны үшін жауып тастаған. Алайда, таңқалдырғаны, Жихад – 26 жасар азаматтың шын есімі болып шықты.

«Есімім, шын мәнінде, Жихад. Менің атымды діни негізде, яғни «бір мақсатқа, іске қол жеткізу үшін тырысу» мағынасында қоймады» деген геймер өз аккаунтын қалпына келтіруге маусым айынан бері күш салып жүр.

Осы аралықта Sony компаниясы ислам діні жайында хабары аз адамдар жихад ұғымын ДАИШ террористік ұйымымен байланыстыратынын, яғни зорлық-зомбылық, қырып-жою мағынасында қабылдайтынын мәлімдеді. Сол себепті де геймерге есімін өзгертуден өзге жол жоқ екенін жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: