Ботбай баба мешіті мешітінде ұйымдастырылып жатқан сауат ашу курсы аясында Құран оқып үйренген шәкірттерге Құран Кәрім кітаптары сыйға берілді.
Аталған курста балалар Құран әліппесін меңгеріп, тәжуид негіздерін үйреніп, алғашқы сүрелерді оқуға дағдылануда. Дәрістер барысында шәкірттердің діни сауатын арттыруға және дұрыс оқу машығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Шәкірттердің ынтасын арттыру мақсатында Құран оқуды меңгерген балаларға арнайы Құран Кәрім табысталып, олардың еңбегі бағаланды. Бұл игі іс шәкірттерді одан әрі білім алуға ынталандырып, рухани қызығушылығын күшейтті.
Алла Тағала жас ұрпақты Құранмен тәрбиеленген ізгі ұрпақтан қылсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



09 Маусым 2026
23 Зуль-хиджа 1447

