Меркі: «Имани жаз – 2026» лагері шәкірттеріне балмұздақ таратылды

Меркі: «Имани жаз – 2026» лагері шәкірттеріне балмұздақ таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жүніс молда» мешітініңде өтіп жатқан «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу лагеріне қатысушы шәкірттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында балмұздақ таратылды.

Шара барысында балалар діни дәрістерге қатысып, Құран әліппесін үйренумен қатар, түрлі танымдық және тәрбиелік бағдарламаларға белсенді атсалысты. Шәкірттерге ұсынылған тәтті балмұздақ олардың қуанышын еселеп, лагерьдің әсерлі сәттерінің біріне айналды.

Мұндай игі шаралар балалардың мешітке деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізуге ықпал етеді.

Алла Тағала жас буынның білімге деген ынтасын арттырып, ізгі ұрпақ болып өсуіне жәрдемші болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: