Меркі ауданына қарасты аудандық және ауылдық мешіттерде балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында дәстүрлі «Имани жаз – 2026» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.
Лагерь аясында шәкірттерге Құран әліппесін үйрету, имандылық әліппесі, ислам әдебі мен көркем мінез-құлық қағидаларын түсіндіру бағытында дәрістер өткізілуде. Сонымен қатар балалардың бос уақытын пайдалы ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық ойындар, спорттық жарыстар мен тәрбиелік шаралар ұйымдастырылуда.
Жазғы сауат ашу курсының басты мақсаты – жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштікке, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Мешіт имамдары мен ұстаздары шәкірттерге білім берумен қатар, олардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлуде. Лагерьге қатысушы балалар пайдалы білім алып, жаңа достар тауып, жазғы демалыстарын мәнді өткізуде.
Алла Тағала жас шәкірттердің алған білімдерін берекелі етіп, ел игілігіне қызмет ететін саналы ұрпақ болуларын нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



09 Маусым 2026
23 Зуль-хиджа 1447

