Жәми мешітінде орыс тілді топтың ұйымдастыруымен Құран хатым түсіріліп, дүниеден өткен ата-ана, туған-туыс және барша марқұм мұсылмандарға бағышталды. Сонымен қатар, жиналған жамағат барша мұсылман қауымы үшін дұға жасады.
Іс-шара барысында дастарқан жайылып, рухани-танымдық уағыз айтылды. Уағызда ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және оларды жас ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығы сөз болды.
Мұндай игі шаралар балаларымызға өнеге болып, олардың өз халқының дәстүрін танып-білуіне, ата-баба мұрасын құрметтеуіне және рухани тәрбиесінің нығаюына ықпал етеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



09 Маусым 2026
23 Зуль-хиджа 1447

