Жуалы ауданының Дихан ауылында жасөспірімдерге арналған спорттық іс-шара өтті. Шара барысында қатысушылар қысқа қашықтыққа жүгіру және қазақ күресі бойынша өзара бақ сынасты.
Жарыс нәтижесінде үздік өнер көрсеткен жеңімпаздар анықталып, оларға қаржылай сыйлықтар табысталды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға жатады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



09 Маусым 2026
23 Зуль-хиджа 1447

