Көне «Әулие ата» мешіті жаңартылуда

Көне «Әулие ата» мешіті жаңартылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһары Қазақстанда Ислам дінінің туы тігіліп, Ислам дінін алғаш қабылдаған көне қалалардың бірі. Яғни, асыл дінімізді ұстанып таратушылар, ғалымдар және Алланың үйлері көп болған.

Тараз қаласында орналасқан 120 жылдан астам тарихы бар көне «Әулие ата» мешіті де сол ежелгі тарихи ескерткіштер қатарында.

Қасиетті Құранда былай дейді: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі».

Мешіт ұстау – рухани әрі материалдық жағынан мешітті қамтамасыз ету деген сөз. Осы орайда, «Әулие ата» мешітінің имамы Баймаханов Ораздың бастамасымен, мешіт жанашырларының қолдау көрсетуімен көне мешітті қайта қалпына келтіру жұмыстары басталған болатын.

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев «Әулие ата» мешітіне арнайы келіп, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, құрылыстың ары қарай қалай жүргізілуіне бағыт-бағдар берді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: