User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) туылған күнін – қасиетті мәулітті мереке ретінде атап өтудің дінімізде үкімі қандай? Кейде мәуліт мерекесінің «бидғат», яғни, дінімізге кейіннен қосылған қате, тіпті күнә амал екендігі айтылып жатады. Осының ара-жігін ажыратып берсеңіздер.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде IV-V һижри ғасырлардан басталады. Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мерекені бір-екі мемлекеттен тыс барлық ислам әлемі ерекше атап өтеді. Мерекеде Аллаһ Тағаланың кәламы – қасиетті Құран оқылып, пайғамбарымыз жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылып, сәлем жолданады. Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолы барынша қыр-сырымен насихатталып, үмметінің Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) деген сүйіспеншілік сезімдері одан әрі күшейтіле түседі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мейрамның тарихы Кейбір ғалымдардың айтуын-ша, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнін атап өту рәсімі һижра жыл санағымен VI ғасырда (миләди XIII ғ.) пайда болған. Десек те, кейбір тарихи деректерге сүйенер болсақ, мәулітті тойлау һижраның ІІІ ғасырынан бастау алғанын көреміз. Сол кезге дейін бірде-бір мұсылман, ел басшысы немесе қара халық мәулітті тойламайтын. Әйгілі мұсылман ғалымы Әс-Сахауидің бұған қатысты: «Мәуліт һижри жыл санағымен үшінші ғасырдан соң пайда болды. Содан бастап әлемде мұсылмандар мәулітті садақа берумен және «мәулітті» оқумен атап өтетін болды», – деген сөзі бар («Мұхаммед», Мұхаммед Риза).

Мәуліт – Хақ тағалаға мақтау, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Имам Ахмад риуаятындағы хадис – шарифте:
“Көпшілік мұсылмандар жақсы деп санаған iс, Алла тағала алдында да жақсы”,– делiнген. Демек, мұсылмандар бiр iстi жақсы деп санаса, ол iс Алланың құзырында да жақсы іс боп табылмақ.
Үстіміздегі ай Рабиүл әууәл айы. Рабиүл әууәл айы «Мәуліт айы» деп те аталатыны баршаңызға белгілі. Бұл айға есендікте жеткізген Жаратқан Аллаға шүкірлеріміз болсын. Баршаңызға мәуліт айы құтты болсын. Шаңырақтарыңызға жақсылық жақын болсын, бірлік пен берекелеріңіз болсын.
Бүгінгі күні Мәулітті мәселеге айналдырғысы келетіндер табылады. Сондықтан, мұсылмандардың ішінде кейбірі мәулітке қарсы, дегенмен көпшілік әсіресе, үлкендеріміз: «Ата-бабаларымыз мәуліт оқытқан, оқысақ не бопты?»– дейді. Сауап болса, сауап күнә емес қой деп қарайды. Бұл толық жауап болмағанмен, өте орынды айтылған деп санаймын. Осыған қоса, аздап мәуліттің пайда болған кезеңіне ғылыми тұрғыда ізденіс жасап көрелік.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қазіргі күнде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулітін атап өтуге байланысты мұсылмандардың өз арасында бірқатар қарама-қайшылықтар кездеседі. Кейбіреулер оны адасушылыққа апаратын бидғат санап, сол ойларынан қайтар емес. Тіпті, оны ширк амалдардың қатарына жатқызатындар да бар. Ондайлар мәулітті атап өтетін жұртшылықты адасқандар қатарына жатқызады. Бұлай кесіп үкім жасау, әсте, дұрыс емес. Мұндай көзқарастар мен пікірлердің туындауына діни шаласауаттылық пен білімсіздіктің әсері көп.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

«Мәуліт» араб тіліндегі «уәләдә» түбірінен туындаған сөз. Мағынасы «туылған жер, туылған уақыт, туған күн» дегенді білдіреді. Мұсылман мәдениетінде мәуліт сөзі Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) туған күні үшін қолданылған. Ал ислам тарихшыларының басым көпшілігі пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған күнінің 571 жыл Рабиул-әууәл айының дүйсенбі күніне (571 жыл сәуір айына) сәйкес келгенін айтады. Соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елімізде мәулітті, яғни пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған күнін атап өту қолға алынып, игі шаралар ұйымдастырылып жатқаны баршаға мәлім. Дегенмен, қазақ бауырларымыздың арасында осы шараларға қарсылық білдіріп, «Мәулітті тойлау – бидғат» деушілер де бар. Ендеше мәулітті атап өтудің діни үкімі не? Бұл іс-шара қандай негіздерге сүйенеді? Баяндамамызда осы мәселелерді саралауға тырысамыз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Әдеттегідей биыл да әлемнің көптеген елдері хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың мәулітін атап өту үстінде, оған көптеген салауаттар айтады. Бұл дәстүр Қазақ елінде де кеңінен таралған.
Мәуліт – араб сөзі, қазақ тілінде “туған күн ” деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз.
Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала “Ахзаб” сүресінің 56-аятында:
“Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар”, – деген.