Ислам турасынан кім бұзақы (пасық) болып саналады?
Пасық (бұзақы) – Алла Тағаланың бұйырғанына қарамастан әрекет ететін, күнә әрі жамандық атаулыны жасау оған әдет болып табылатын жан.
Шариғат терминологиясындағы «фасик» термині Аллаға бағынудан шығу әрі Оған бағынбаушылық танытуды білдіреді.
Пасықтың кең мағынасы үлкен күнәлар жасайтын, кіші күнәлардан қайтпайтын, сондай-ақ, діни ұйғарымдарға толықтай немесе жартылай мән бермейтін адам болып табылады (Фахруддин ар-Рази, Тафсируль-Кабир, II, 91; Рагиб әл-Исфахани, әл-Муфредат, 572).
Пасықты үш санатқа бөлуге болады:
1. Күнәні жиіркенішті деп санап, оны сирек жасайтындар.
2. Бір күнәні қайтпай жасай беретіндер.
3. Рұқсат етілген деп санап күнә жасайтындар. Бұл жағдайда адамның иманмен де дінмен еш байланысы қалмайды.
Қасиетті Құранда «фиск» термині негізінен «күпір» мағынасында қолданылады. Алайда кейбір аяттарда «пасық» термині күнә істеу мағынасында қолданылады. Мысалы: хаж кезінде күнә істеу (2:197), немесе Алланың аты айтылмай күдіксіз арам нәрсе (Оны жеу дұрыс емес) (6:121), немесе Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар (24:4).
Басқа аяттардың бәрінде «фиск» термині бұзақы мағынасында келеді: «(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған ап-ашық аяттарды түсірдік. Оған бұзақылар ғана қарсы келеді» (2:99).
«Інжіл иелері ондағы Алланың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» (5:47).
«Осылайша бұзақылық істегендерге Раббыңның: «Рас олар иман келтірмейді» деген сөзі ақиқат болды» (10:33).
«Егер олар Аллаға, Пайғамбарға және оған түсірілген Құранға иман келтірген болса, оларды дос тұтпас еді. Бірақ олардың көбі бұзақылар» (5:81).
Мутазилиттердің пікірінше, пасық иман келтірген де емес, иман келтірмеген де емес, солардың арасындағылар. Бұл олардың орныққан пікірі, сонымен қатар, діни сенімнің негізін қалаушы бес қағиданың бірі болып табылады және «Манзилю бейнал-Манзилятейн» деп аталады. Олардың пікірінше, пасық тәубәсіне келсе, онда дінге келеді, ал тәубәсіз өліп кетсе, онда мәңгі Тозақта қалады. Әрекетті дін негізінің бірі деп санайтын харижиттердің пікірінше, жоғарыда келтірілген фисктің көрінуі күпірлік (сенбеушілік) болып табылады әрі пасық Тозаққа мәңгіге тоғытылады.
Фиск өте қауіпті жағдай болып табылады және әрбір адам одан аулақ болуы керек. Кез-келген үлкен, кіші күнәлардан аулақ болған жөн, сондай-ақ, кіші күнәларды қайтпай жасаудан аулақ болған абзал. Жоғарыда айтылып өткендей, кіші күнәларды қайтпай жасау фиск дәрежесінің бірі болып табылады. Бір аса маңызды жайтқа көңіл қою керек: ешкім де басқа бір адамды пасық деп айта алмайды. Осы жөнінде Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқаны келтірілген: «Басқа бір адамды пасық немесе кәпір деп айтуға ешкімнің де құқы жоқ. Егер кімде-кім біреуді пасық не кәпір деп айтса, ал сол кісі ондай болып табылмаса, онда айтылған сөздер айтқан адамның өзіне қайтып келеді де өзі пасық немесе кәпір болады» (Мухтасар Таджридус-Сарих, XII, 137). Сонымен қатар, бұл хадис аса маңызды адамгершілік қағидасын орнатады. Адамның кемшілігін ашу, оған фиск немесе күпірлікті жабыстырып оны айыптау өнегесіздік болып табылады, егер бұл қасиеттер айтылған адамға тән болмаса, онда әлгі сөздер айтқан адамның өзіне қайтып оралады.
asyldin.kz