Сауат ашу курсы жаңаша әдіспен оқытылмақ

Сауат ашу курсы жаңаша әдіспен оқытылмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде ҚМДБ-ның жанындағы «Әйелдер-қыздар секторымен» бірлескен сауат ашу курсының оқушыларына арналған кездесу өтті. 

Басқосудың мақсаты ҚМДБ ұсынған 3 кезеңді дәріс оқыту бағдарламасымен курсқа қатысушыларды таныстыру.
«Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы «Әйел баласы отбасы тәрбиесінің ұйытқысы» тақырыбында сөз қозғай келе, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың орны ерекше екенін, ұрпақ тәрбиесі үшін әйел адамның діни-рухани сауаттылығы маңызды екенін айтып, қыз-келіншектерімізге бұл ілімді үйретуде мешіт жанындағы сауат ашу курстарының орны маңызды екенін тілге тиек етті.

Әрмен қарай сөз жалғаған мешіт ұстазы Қолағұлова Жібек жиынға қатысушыларға 3 кезеңді дәріс оқыту бағдарламасын түсіндіре келе оқыту барысымен жіті таныстырды.

Жеке дәріске емес, топпен оқуға бағытталған бұл 3 сатылы оқыту әдісінің әр сатысында 5 түрлі пәннен дәріс өтіледі. Атап айтқанда, «Құран әліппесі», «Иман шарттары», «Мұсылмандық шарттары», «Пайғамбарымыздың өмірбаяны және сахабалар тарихы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» пәндері оқытылады. Әр саты 3 айға жалғасады. Ұстаз сонымен қатар, әр пәннің ҚМДБ-ның ережесі бойынша сағатқа бөлініп бекітілгенін жеткізді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: