ӘЛЕМНІҢ ТҰҢҒЫШ «АҚЫЛДЫ ПОЛИЦИЯ УЧАСКЕСІ» АШЫЛДЫ

ӘЛЕМНІҢ ТҰҢҒЫШ «АҚЫЛДЫ ПОЛИЦИЯ УЧАСКЕСІ» АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Дубай қаласында толықтай автоматтандырылған «ақылды» полиция учаскесі ашылды, деп хабарлайды  Gulf News. Басылым мәліметінше, бұл әлемдегі тұңғыш полиция учаскесі. Мұнда келушілер 60 қызмет түрін жасайды, мәселен, құқықбұзушылық туралы арыз, жол-көлік оқиғасы туралы хабар, т.б.мәліметтер қалдырады алады. 

Айта кету керек, полицейлермен бейнебайланыс және электронды желілер арқылы жүзеге асырылады. «Ақылды» полиция учаскесі тәулік бойына қызмет етеді. Алдағы уақытта Дубайдың барлық аудандарында және коммерциялық аймақтарда осындай учаскелер құру жоспарланған. 

Дубай полициясының хабарлауынша, жаңа жоба полиция қызметкерлерінің жұмыс жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, қоғамдағы тәртіп бұзу фактілерімен ұдайы күрес жүргізуге көмектеседі әрі құқыққорғау органына қатысты хабарламалардың орындалмауы туралы жаңсақ пікірлерді жояды.

Kazislam.kz

Алланың Елшісі ﷺ: «Жарты құрма болса да садақа беріп, өздеріңді оттан құтқарыңдар», – деген. (Ади бин Хатимнен (р.а.) Бұхари, Муслим)
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: