Құл өзін осылай азат етті

Құл өзін осылай азат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ашуға сабыр етудің берері мол. Ең ұлы мұсылман тұлғалардың ерекше сипаттарының біреуі сабырлы болуы еді. Олар өмір бойы аталмыш аят-хадистерге бағынып өткен. Мысалы, әйгілі имам Зәйналабидиннің бір қызметшісі оның қолына су құйып жатыр еді. Байқаусызда қолындағы құманы құлап кетіп, имамның жүзі қанап қалды.

Имам басын көтеріп қызметшісіне қарады. Сонда қызметші: «Мырзам, Алла Тағала Құранда нағыз тақуалар ашуын жұтқандар демей ме?» деп қалады. Сонда имам: «Жарайды, мен де ашуымды жұттым» дейді.

Қызметші: «Мырзам, нағыз тақуалар өзгені кешіреді деген де бар емес пе?» дейді. Имам: «Алла сені кешірсін, мен де кешірдім», -дейді.

Сонда қызметші құлы тұрып: «Мырзам, Алла Тағала дәл осы аяттың соңында «Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» деп те баян етпей ме?», – деп қасқайып тұра береді.

Имам осыншама сүйіншіге қызып кетсе керек, «Әй, құл! Олай болса, бүгіннен бастап сен азатсың! Алла разылығы үшін саған бостандық бердім» дейді. Міне, бұрынғылардың ашуды жұтуы осылай болған!

Асылбек Әуезханұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: