Адам баласының өмірдегі мәні талқыланды.

Адам баласының өмірдегі мәні талқыланды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында» орналасқан мұсылмандар бөлмесінде «Адам баласының өмірдегі мәні» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған жиынға «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев арнайы қатысып қайтты.

Орталыққа жиналған қарттар имамның ғибратқа толы әңгімесін тыңдай отырып, өмір туралы толғаныстарын ортаға салды.

Мекеме өкілдері дін төңірегінде ойларын еркін ортаға салып, дін маманынан біліп-білмеген жайттарды сұрастырды. Имам көпшіліктің сұрақтарына тұшымды жауап беріп, иманға азық болар насихатын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: