Азаншылар сайысында Жамбыл облысының имамы үшінші орынды иеленді

Азаншылар сайысында Жамбыл облысының имамы үшінші орынды иеленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

21 желтоқсан күні Алматы қаласының Орталық мешітінде өз мәресіне жеткен екі күндік республикалық азаншылар сайысының екінші бөліміне жолдама алған 13 азаншының ішінен 3 жүйрік азаншы суырылып шыққан болатын.

Соның бірі жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлаған Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Сматов.

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен ІІ Республикалық «Әдемі әуезді азыншы» сайысында І орын алған азаншы Еркебұлан Байғабыловқа (Астана қаласы) үлкен қажылық сертификаты табыс етілсе, ІІ орын алған Қазақ Әлиге (Маңғыстау облысы), және ІІІ орын алған азаншы Талғат Сматовқа (Жамбыл облысы) ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы кіші қажылықтың сертификатын берді.

Бұл сайысқа республика бойынша 44 азаншы қатысқан болатын. Топ жарып шыққан Талғат Сматовқа Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр қажы Алимұхамедұлы өзінің шексіз ризашылығын білдіріп, облысымыз бен мешітіміздің даңқын асқақтатқаны үшін алғысын жеткізді.
Баршамызды қуанышқа кенелткен азаншылардың абыройлары асқақтап, ақыретте хазіреті Біләлмен бірге тірілуді жазсын деген тілектеміз.

Лаура Алмаханова,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: