Өкіл имам Құланда

Өкіл имам Құланда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні  ҚМДБ-­ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы Т.Рысқұлов ауданындағы «Сұлтан» орталық мешітінде болып, мешітке келген жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

Мешіт жамағаты алдында уағыз айтқан  өкіл имам: «Мұсылмандар, бауырлар, әуелі өз арамызда ауызбіршілікте болайық, жамағатымыз тыныш болсын. Барлық мақсат-мүддеміз бір бола тұра бөлінбейік. Сонда бізді сырттан келіп алатын жау жоқ!» -, деді.

Ауданымызға келген өкіл имам Жұмабаев Данияр қажыға аудан жамағаты, ауыл ақсақалдары батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Әбілда Мейрханов,

Әскери зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: