Шу ауданындағы "Төле би" мешітінде қайырымдылық шарасы жасалды

Шу ауданындағы "Төле би" мешітінде қайырымдылық шарасы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданндағы ы «Төле би» орталық мешіті бірқатар қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, іске асыруда, діні мен дәстүрі егіз өрілген халқымыздың хадис-аятпен үндескен мақал-мәтелі қашанда тағылым мен тәрбиенің бірі. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек.

Сөзбен де, іспен де, басқалай жолмен де қайырымдылық жасаудың жолдары көп. Осыған байланысты, міне бүгін тағы да 23 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында,  тәуелсіздік мерекесі күніне орай Төлеби ауылында тұратын жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық жасалды.

Нақтылап айтсақ, Төле би ауылында тұратын 7 мұқтаж отбасына мешіт тарапынан қыстық отын-суға мұқтаж, үш отбасына 5 мешок комірден, беріліп бір от басына жерге тосейтін паласы болмағандықтан бір клем және ақшалай қайырымдылық көрсетілді. Осы сияқты үш отбасына мешітке алып келген қойдын етін 3 отбасына таратып беріп қайырымдылық жасалды көрсетілген іс-шараларға мұқтаж жандар өз разылықтарын білдірді. Алла қаласа осындай игі іс-шаралар осымен аяқталмай өз жалғасын табуда,  дейді ауданымыздың Бас имамы Мұсаев Қуандық.

Шу аудандық "Төле би" орталық
мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: