Шу ауданында діни жиындар өтті

Шу ауданында діни жиындар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ АНТ мүшелері Шу аудандық кітапханаға келіп діни тұрақтылықты нығайту, жат ағымдарға қарсы күрес бағытында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге жоғарыда айтылған КММ АНТ мүшелері Мурбеков Б., Құлтаев С., Аманбаев Е. Шу аудандық бас имамы Мусаев Қ., аудандық ішкі саясат маманы Омарова С., учаскелік полиция инспекторлары қатысты. Отырыс барысында қатысушылар еліміздегі болып жатқан діни ахуалға тоқталып, дін атын жамылған ағымдардың ел бірлігіне төндіріп отырған қауіпті әрекеттерін айтып, қазіргі ашық ақпараттық қоғамда жастарымыздың жат пейілді діни ағымдардың жетегінде кетіп қалмау үшін өз дініне беріктік, діни сауаттылық қажет екенін талқылады.
Сонымен қатар аудан имамы Мусаев Қ Шу қаласының Жібек жол лицейінде жоғарғы сынып оқушыларына Суицидттен қалай құтыламыз атты тақырыбына байланысты уағыз насихат жүргізіп, жастарға ислам дінінде өз-зіне қол жұмсау айырықша ауыр қүнә екенін түсіндіре келе құранда қандай да бір адам өз өміріне наразы болғаны Аллах тағала қарсы шығу екендігін айтты. Жиын соңында жиналған оқушылар имамға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып тиісті жауаптарын алды.

Шу аудандық Төлеби мешітінің
баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: