Меркі №9 колледждегі кездесу

Меркі №9 колледждегі кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Баршамызға белгілі, ағымдағы жыл ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Дін және дәстүр» жылы деп атаған. Үш бағытта діни іс-шаралар жүргізу керектігі жайлы нақты тапсырма берілген.

Дәстүрлі Ислам дініміздің өркендеуіне адам баласының дінге деген сенімі шынайы болып, алаңсыз өмір сүруіне жасалып жатқан үш бағыттағы іс-шаралар  келешекте оң әсерін береріне сенімдіміз.

Бұл діни бағыттағы жұмыстар әсіресе халық көп шоғырланған жерлерде, мекемелерде, мектеп, колледж, әскери бөлімдерде өткізілуі тиіс. Осы бағыттарды іске асыру мақсатында ауданда құрылған діни бағыттағы топ мүшелері №9-шы колледж студенттерімен  кездесті. Кездесу барысында бас имам Қасымалиев Батырбек қажы шәкірттердің жағдайларымен танысып, дін мен дәстүр тұрғысында уағыз айтып, сұрақтарына жауап берді. Еліміздің болашақ жастары мемлекетімізбен бірге дін қызметкерлерінде алаңдатып отырғаны белгілі.  Еліміздің болашағы жарқын, тыныш өмір болу үшін Аллаға  деген иманымыз  бекем болу керек. Еліктемей әр істің анық қанығына жетіп, шешімді қабылдағанда алдағы уақытта өкінбейтіндей жағдайда болу керек.

Исламның дәстүрлі емес ағымына қарай кейбір жастарымыз еліктейтінін көріп те, естіп те жүрміз. Біз, дін қызметкерлері сіздерден сұранатынымыз, дін мәселесінде мешіттегі бекітілген имамдардан өзіңізді толғандырып, шешімін таппай жүрген сұрақтарға жауап алыңыздар.

Сондай-ақ бас имам дәстүрлі Ислам дінінің  негізгі қағидаларына тоқталып, зиянкеш жат ағымдар турасында уағыз айтты.

Осы жиынға қатысқан найб имам Жанықұлов Нұрбек дін мен дәстүр тақырыбында сөз өрбітіп, бұл екеуі біте қайнасқан ұғым дей келе, қасиетті Құраннан және хадистерден мысалдар келтіріп, талдау жасады.

Кездесу соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып тарқасты.

 

Аудандық «Меркі-ата» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: