БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мереке күндері «Нұр Отан» партиясының Мойынқұм аудандық филиалында «Жастар орталығының» КММ ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Отырыста «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Сейдалиев береке мен бірлікті нығайтқан өзге ұлт өкілдерін мейраммен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Орталық мешіттің бас имамы Исаев Зият Аллаһтың сыйы деп білген қастерлі Ислам дініміз өзге ұлт өкілдерін нәсілі мен тегіне, сенімі мен дініне сараламай, теңдей құқықта ұстайтындығын жеткізді.

Әр салада қызмет атқарған бауырластарымыз бірі саудагер болса, бірі мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Ал М.Жұмабаев орта мектебінде 57 мұғалім білім берсе оның ішіндегі 7 өзге ұлт өкілдері де жиынның қонағы болды. Атап айтқанда З.Демьянова, А.Жидкова, неміс А.Шнер, грек Н.Сапаниди, украин Е.Бойко, татар Н.Токмулика. Соның бірі Д.З.Михайловна 47 жылдан астам білім саласында еңбек етсе, 14 жылын М.Жұмабаев мектебіне арнаған екен. Әңгіме барысында дөңгелек үстелге қатысушылар тәуелсіз еліміздің тұғыры әрқашан биік болсын, мәңгі ынтымағы жарасқан елде тұрып жатқанымызды мақтан етеміз десті. Бірлігі жарасқан мектеп ұжымы да бауырына көпұлтты сыйдырған қазақ халқының мерейі артып, өркені өсе берсін деген ізгі ниеттерін білдірді. Жиын соңында КММ директоры Е.Абасов қазақша еркін сөйлейтін орыс ұлтының өкілі Наташа Чернейді сөзге тартып, қазақ тілінде әңгіме құрды.

Р.Сәрсенов.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: