Өкіл имам ұстаз сапарына сәттілік тіледі

Өкіл имам ұстаз сапарына сәттілік тіледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.» деген болатын.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қары, аталмыш мешіттің имам-молдаларының басын қосып «Һибатулла Тарази» медересесінің ұстазы, Отарбаев Бауыржан Болатжанұлының, Павлодар облысы Павлодар қаласына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығымен ауысып бара жатқан сапарын алқап, естелік сияпатын ұсынып ақ батасын берді.

Өткен жолы хабарлағанымыздай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығы бойынша Отарбаев Бауыржан Болатжанұлы 2014 жылдың 16 сәуірінен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислам діни бірлестігінің филиалы, Жамбыл облысы Тараз қаласы «Шейх Зүннүн» мешітінің бас имамы және «Һибатулла-Тарази» медресесінің ұстазы қызметінен босатылып, Павлодар облысы Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне директор, Жұбайы Шадиева Зауре Шамшидиновна 2014 жылдың 16 сәуірінен ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған діни сауат ашу курсының қыздар бөлімінің ұстазы қызметінен босатылып, Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті жанынан ашылған діни сауат ашу курысының қыздар бөліміне ұстаз болып тағайындалған болатын.

Ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз — тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады.


www.hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: