Иманы бар ибалы қаракөздер, айналар ертең елдің анасына

Иманы бар ибалы қаракөздер, айналар ертең елдің анасына

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ- ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» медресесі жанындағы қыздар бөлімінде 4 айлық сауат ашу курсынының аяқталуына байланысты, өткізілген сынаққа қатынасып, жақсы нәтиже көрсеткен 12 қызға, өкіл имам Жұмабаев Данияр қары сертификат табыстады.


Өкіл имам ілім алудың артықшылықтары мен исламдағы ер мен әйелдің орны және ұлтымыз әйелдерді жоғары бағалайтынын айтып, «Олар- өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі» деп қараған. Әйел туралы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Әйел ибалы қыз, инабатты келін, қарындас, ана, апа, әже. Сол үшін қыздарымыз ақылына көркі сай иманды, инабатты болуы керек екенін айта келе, жыл айналып келген Ережеп айында ауызға алып , Ережеп айы исламдағы ұлық айлардың бірі.

Алла тағала Құран Кәрімде "Тегінде, аспан мен жер жаратылған күннен бастап, Алла тағала айдың санын он екі етіп белгілеген. Оның төртеуі - (зу-л-қағда, зу-л-хижжа, мухаррам, ражәб) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар" (Тәубе сүресі, 36-аят): деп келетінін жеткізді.


www.hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: