«Һибатулла Тарази» мешітінің бірінші найб имамы тағайындалды

«Һибатулла Тарази» мешітінің бірінші найб имамы тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Керімбек Ахметжан Пірәліұлы Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің бас имамы қызметін сақтай отырып, «Һибатулла Тарази» мешітінің бірінші найб имамы тағайындалды. Ол ҚМДБ-ның ЖО бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаевтың ұсынысымен осы қызметке лайық деп танылып, ресми түрде бекітілді.  

Керімбек Ахметжан Пірәліұлы «Һибатулла Тарази» мешітінің жамағатына бұрыннан таныс. Кісілік келбетіне көркем мінезі жарасқан азаматтың осы уақытта дейінгі діни ахуалды өркендетуге бағытталған рухани шараларда қолтаңбасы бар десек, қателеспейміз. Қашан көрсеңіз де, дін қызметінен мойны бір босамайтын қажырлы жанды жаңа қызметімен құттықтай отырып, жұмысына толағай табыс тілейміз! 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: