Қордай имамдарының кезекті жиналысы

Қордай имамдарының кезекті жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай жерінің дін қызметкерлері аудандық «Қордай» мешітіне кезекті жиналысқа жиналды. Жиналысты ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай жүргізіп отырды. Ә.Шалбай облыс орталығында өткен жиналыста көтерілген мәселелерді аудан молдаларына жеткізіп, мақсаттарды айқындауға көшті. Ең бірінші мәселе әрине ол ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Е.Малғажыұлының айқындап берген үш бағыт бойынша жұмыс істеу, олар: уағыз-насихат жұмыстарын күшейту, теріс ағымдармен үдемелі жұмыс жүргізу және қайырымдылық іс-шараларын көптеп ұйымдастыру. Ә.Шалбай ауыл имамдарын осы мәселеде жұмыс үдерісін күшейтуді тапсырды. Тағы өзекті мәселе ол екі дүние сардары Мұхаммед с.ғ.с туған күні, мәулід мерекесін атап өту, оған дайындық барысы жайлы сөз қозғады. Осы мерекеге байланысты іс-шараларды дер кезінде қолға алу тапсырылды. Өзектілігі бүгінгі таңда артып тұрған, күн тәртібінен түспейтін мәселе ол әрине мешіт құжаттарының реттелуі жайында Ә.Шалбай имамдардың осы жолда атқарып жатқан жұмыстарын сұрастырды. Жиналыс соңында әр имамға ҚМДБ бекіткен жұма уағыз тақырыптары, ҚМДБ және өкілдік тарапынан келген бұйрықтар таратылды. Жиналыс Губар имамның бата беруімен өз мәресіне жетті.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: