Имам білімі елдің бүгіні

Имам білімі елдің бүгіні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы орталық «Һибаттулла Тарази» мешітінде аудан имамдарының басын қосқан жиналыс өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қажының ұйымдастыруымен өткен жиналыс алдағы келе жатқан Құрбан айт мерекесінің үлкен деңгейде аталып өтілуі жайлы сөз етілді.

 

Бүгінгі таңда имамдарға қойылар талап та күшейіп келеді. Осы мақсатта аудан мен қала мешіттері имамдарына қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері ата-анасынан айырылғандар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлер үйіне барып мейір бағыштап мерекелерімен құттықтап қайту, мешіттердің ауласын, ішкі-сыртқы тазалығын жақсарту, халыққа мерекелік көңіл күй сыйлау міндетін жүктеді. Имамдар жүріс-тұрысына мән беру, жиналыстарға сәлде - шапанын киіп бару керектігін, мешіттерді күндіз құлыптап қоюға болмайтынын ескертті.

 

Жиналыс соңында ҚМДБ-ның төл басылымдары «Ислам өркениеті» газеті мен «Иман» журналына жазылудың науқанын күшейту мәселесі де қарастырылды. Жиналған имамдар діни тәрбие рухани азық беретін газет-журналдарға жазылу үрдісін дамытуға күш салатындықтарын білдірді.

 

Көгедай Шәмерхан

 

http://fotohost.kz/images/2013/10/08/4XwbG.jpg

 

 http://fotohost.kz/images/2013/10/08/yW071.jpg

 

http://fotohost.kz/images/2013/10/08/gxBpq.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: