Құрбан айтқа дайындық

Құрбан айтқа дайындық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты елші Мұхаммед с.ғ.с «Тазалық иманның жартысы» деп өзінің үмбетін өзі сүйген тазалыққа осы хадисімен үндеген. Мінекей осы хадиске амал етіп және ұлық мереке Құрбан айттың құрметіне аудандық «Қордай» мешітінің жамағаты бүгін мешіт ауласында сенбілік ұйымдастырды. Күн шыға бере жамағат мүшелері біреуі тырмасын, екіншісі күрегін, біреуі баласымен, кейбіреуі немересін жетектеп мешітке келіп, білек сыбана жұмыс істеді. Әлбетте бізге еңбек етудің үлгісін көрсеткен ол ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай болды. Сенбілік барысында мешіттің терезелері жуылып, медресе ғимараты әктелеп, мешіт ауласындағы түскен жапырақтар жиналып мешіт одан әрі әрлене түсті. ИншаАлла толық сеніммен ұлық мерекеге дайынбыз деп айта аламыз. Сенбілікке қатысқан әрбір азаматқа Аллаһ разы болсын дей отыра, уа Раббым, сенің жердеңі үйіңе құрмет көрсеткен азаматтарды құрметті ете гөр!-деп дұға қылудамыз.


Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

 

 

 

   

 

  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: