Аудандық кітапханадағы кездесу

Аудандық кітапханадағы кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының орталық кітапханасы, «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұстаздары және аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық кітапхананың оқу залында колледж студенттеріне арналған ашық сабақ өтті. Жиынның негізгі тақырыбы «жат ағымдардың жастарға әсері» болды. Аталмыш жиынға аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов арнайы қатысты. Б.Жүсіпов жиналған шәкірттерге Ислам жайлы уағыз айтып, секталардың теріс іс-әрекеттеріне тоқталды. Шәкірттер тиісінше дін қызметкері Б.Жүсіповқа өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.

 

Жиналған қауымға «абайлаңыз секта» атты деректі фильм көрсетілді. Шәкірттер мен ұстаздардың өтініші бойынша жиын аудандық «Қордай» мешітінде өз жалғасын тапты. Б.Жүсіпов жиналған қауымға мешіт жұмысымен таныстырып, мешіттің іші-сыртын аралатып мешіттің ең басты қызметі ол халыққа рухани азық беру, Алла тағаланың хақ жолын уағыздау екені айтып, сәйкесінше Алланың жердегі үйі мешітке лайықты құрмет көрсету қажеттігін жиналған қауымның қаперіне салды.

 
Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: