Он орында он түрлі тақырып қозғалды

Он орында он түрлі тақырып қозғалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өңіріңіміздегі жұртты бүгін не толғандырады, Кім не істеп жүр, Жастар тәрбиесі қайтсе жақсарады, осы сауалдарды барлығымыз кімге қоямыз?
Міне біз жоғарыда айтқан жағдай туралы жауап іздеп көрдік. Қуантарлығы табылған жауап жайында болсын. Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі әлеуметтік маңызды жоба шеңберінде, «Жамбыл облысы жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» аясында өңірде түрліше кездесулер ұйымдастырып келеді. Бұл шараны «Жамбыл облысытық Жастар маслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі өз жетекшілігіне алып отыр.


Кездесулер жүйеден, ТарМУ, ЖГТУ, ТарМПИ, ТИГУ, «Әулие-Ата» колледжі, Пед колледжі, №1-кәсіптік колледжі, Білім колледжі, АЭСА колледжі, Түзету мектебі, қатарлы орындарда болды.
Үгіт-насихат тобының құрамында, Теолог Құттыбаев Дархан, «Жас патриоттар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мөрбеков, ҚМДБ-ның жастар ісі жөніндегі облысымыздағы өкілі, Аманбаев Ержан.


Бұл кездесу шараларының басты мақсаты төмендегідей: «Жастардың денсаулығы, нашақорлық, маскүнемдік, қылмысқа бейімдік, жұмыссыздық, білімге селқостық, жеке бас мәдениетінің төмендігі секілді бірқатар келеңсіздіктерді атай келе, Жастарды жалынды рухты болуға, салауатты өмір салтын ұстанып спортпен шұғылдануға шақыру». Бұл аталған жағдайларды, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің төрағасы, Бса мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет бұдан бұрын Алматыда өткен жастар форумында ұсынған болатын. Өңіріміздегі түйткіл мәселелерді шешуге мамандарымыз жауабын табады дегенге сеніміміз кәміл.


Көгедай Шәмерхан

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: