Өкіл имам Қарттар мерекесімен құттықтады

Өкіл имам Қарттар мерекесімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы, Облыс орталығындағы қарттар мерекесіне орай «Әл-Жәми» мейрамханасында ұйымдастырылған шараға қатысып, қарттарға сый-сияпат тарту етіп, мерекелерімен құттықтады. Өкіл имам топ алдына шығып: «Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздер ұзақ өмір жолындағы тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың ұрпақ үшін орны бөлек.

 

Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне, Мемлекетіміздің дамуына қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз орасан. Талай жастың тәрбиелі жетелі ұрпақ болуына, бағыт-бағдар беріп, ізбасарларыңызды мызғымас етіп дайындадыңыздар. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан жоқсыздар. Дана халқымыз: «Қарттың сөзін қапқа сал»,- деп бекер айтпаған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Жастарымызға қамқорлық етпеген және үлкендерімізді құрметтемеген бізден емес» -деген. Қай діннің, қандай ұлттың өкілі болса да, жасы үлкенге кішілігіне қарамай құрмет қылу мұсылмандық міндет екенін жеткізе келе, қарттарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.


                                                                                           Көгедай Шәмерхан

  

  

 

  

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: