Тарихи кесенелерге зиярат жасады.

Тарихи кесенелерге зиярат жасады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысына  арнайы сапармен келген ҚР Премьер министрінің  орынбасары Қырымбай Көшербаев  Облыс әкімі Қанат Бозымбаевпен бірге облыс көлемінде атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды аралап, Тараз жұртшылғынан хал сұрап, қыстың қамына жасаған дайындықтарымен танысты.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары  Кәрім Көкірекбаев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев және Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков бастаған кісілер бұрыннан  сақталып келе жатқан қала ортасындағы тарихи кесенелерді аралап,  «Қарахан» кесенесіне зиярат жасады.

 

Одан соң Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылына барған кісілерді Жамбыл ауданы әкімі Нұржан Календеров күтіп алып, «Айша бибі» кесенесімен таныстырды. Кесене басына  Қырымбай Көшербаев  арнайы бір бас мал сойып, аруақтарға құран бағыштады.

 

Ғайырфулла Амирбеков,
Жамбыл ауданының бас имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: