Мешіттің ресми сайты ашылды.

Мешіттің ресми сайты ашылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
../pic/img/sait_otkrytie.jpg

Дамыған мына заманның ауқымына қарай ілесіп, заман талабы болған интернет жүйесінде жұмыс жүргізіп, алыс-жақыннан хат хабар алысып, ой-пікір бөлісуді мақсат етіп, Жамбыл облыстық орталық мешітінің «hibatulla.kz» сайты жаңадан ашылды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы  Д.Жұмабаев облысқа қарасты Аудандардың бас имамдарын шақырып жиналыс өткізіп, «hibatulla.kz» сайты туралы қысқаша мәлімет беріп, арнайы таныстырды.

"Хибатулла Тарази" мешітінің ресми сайтының ашылуына Алматы қалалық орталық мешітінің бас имамы Құлмұхаммед Маханбет мырзаның және "azan.kz" сайтының көп көмегі тиді, алғыс білдіреміз", - деді мешіттің бас имамы Д.Жұмабаев.  

Бұл сайтқа барлық аудандағы имамдардың жетістіктері, атқарған іс-шара жұмыстары кіргізілетін болса, сонымен қатар, көпшілік көкейінде жүрген түйткіл мәселелері мен сұрақтарына қанағаттанарлық жауап беріліп отыратынын жеткізді. Және жылдағы дәстүр бойынша «Һибатулла Тараз» мешітінде өткізілетін, екі айлық имамдардың білімін толықтыру курсында, арнайы сабақтар мен қоса компьютер сабағы да жүргізіліп, интернеттік жүйеде жұмыс жасай алатын, білікті имамдар қатарын толықтыратындығын айтты.



  Көгедай Шәмерханұлы.
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: