Имамдар жылдық есеп берді.

Имамдар жылдық есеп берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Аудан имамдары өздері атқарған жұмстарының есебін толықтай көрсетіп, үгіт-насихат, оқу-ағарту жұмыстарына атсалысып жатқандықтарына жеке-жеке тоқталды.
Әр жұма сайын имамдар уағыз айту барысында «Жұма мінбері» кітабын жетекшілікке алып, мүфтияттің пәтуаларына жүгінетіндіктерін жеткізді.

Мүфтияттан жіберілген тапсырмаларды, дер кезінеде орындау жұмыстарын да тыңғылықты атқарып келе жатқан аудандарды мадақтап, кенжелеп қалған аудан имамдарына ескерту жасалды.

Діни басқарманың төл басылымдары "Ислам және өркениет" газеті мен "Иман" журналына жазылу жағдайы да жиналыста талқыланды.

Аудан имамдары ауылды жерлерде әлі де болса имам жетіспейтіндігін айтты. Өкіл  имам әр  аудандарда діни іс-шаралар тек қағаз жүзінде қалып қоймай, іс жүзінде атқарылуы керектігін міндеттеді.

Мешіт ауласын абаттандыру, орта тазалығына көңіл бөлуі жөнінде де тапсырмалар берді. Әр аудан мешіттерінен діни сауат ашу курсын ашылса, ары қарай білімін жетілдіргісі келетін шәкірттерді қолдап-қуаттап, оларды «Һибатулла Тарази» орталық мешіті жанынан ашылған медресеге, Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» университетіне де жіберулерін тапсырды.

Қорыта келсек, білікті имамдардың берекені нығайтып, асыл дімініміздің қасиетін халыққа толық жеткізе білсе, әр имам өз жұмысын,  міндетін толық атқаруға күш салып, Отанымызға еселі еңбек қосуға бағытталса, жат ағымдардан елді сақтауға қалқан бола білсе деген тұжырымға тоқталды.

  
Көгедай Шәмерханұлы.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: