Және бір жаңа мешіт бой көтерді.

Және бір жаңа мешіт бой көтерді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында орналасқан Меркі ауданына қарасты, Сұрат ауылында жаңа бір заманауи үлгідегі ғибадат орыны бой көтерді.

 

ҚМДБ-ның мешіт бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы арнайы келіп, Сұрат ауылы жұртының қуанышымен бөлісіп: «Біздің еркін аспан тәуелсіздігіміздің арқасында, жоғалған құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Әрбір азаматтың осындай бақытты қастерлеп, ата дін деп бабалар аманаттаған асыл дініміздің еліміз топырағында өркендеп, қанат жаюына көмектесуге барлық адам құқылы. Мына мешітті өзі қаржысымен салдырған Жұматайов Әли мырзаға Алла разы болсын», - деді.

 

«Тараз - тарихымыздың алтын діңгегі», - деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, қасиетті топырақтан талай дін ғұламалары мен жанашырлары шыққандығы ақиқат. Сол ұлы үрдістің сарқыншағы болып жеткен бүгінгі ашық қол адал ниет азаматтардың болғандығы.

 

 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде мешіт тұрғызған адамға Алла тағала жәннаттан сарай салдырып қоятыны айтылған. Ербол Сағиұлы: «Сонымен қатар көпшілікке мешіттің көркем еңселі салынуымен құнды болмайды. Жамағат келіп намаз өтесе, жас сәбилер келіп білім алып, дін ілімін үйренсе сонда ғана көркем» - дей келе, кез-келген көк аттының мешіт мінберіне көтеріліп уағыз-насихат жүргізуіне имамдар жол беруге болмайтынын жеткізді және жаңа ашылған мешітке қасиетті ҚҰан Кәрімді сыйға тартты.

 

Алла үйінің ашылу салтанатына Сұрат ауылының әкімі Сапарғали Мақсұтұлы да келіп қатынасып құттықтау айтып, Түркиядан келген кәсіпкер азаматтарға да сөз берілді. Алдағы келе жатқан Рамазан айында жаңа мештітте құлшылық етеміз деген халықтың қуанышында шек болмады.

 


Көгедай Шәмерханұлы

 

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/Pmwzi.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/M8QUD.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/L2mx8.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/ZwvSH.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/hRpos.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/3Z7k.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/PdISA.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/CH6L.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/oj5VP.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/cfjY6.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/26/7TaP1.jpg

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: