Діни ахуалды жақсартуға байланысты қала әкімдігіндегі мәжіліс.

Діни ахуалды жақсартуға байланысты қала әкімдігіндегі мәжіліс.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

24 - ші маусым күні «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орындалуы барысы және халық арасындағы діни сауаттылықты арттыру, ақпартаттық-насихат жұмыстарын жүргізуде өзара iс-қимылдарды жандандыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігінде мәжіліс болып өтті.


Қала әкімі Орынбеков Бекболат Серікбекұлының төрағалығымен өткен мәжіліске қалалық әкімдігінің активтері мен қала мешіттерінің имамдары және христиан бағытындағы православие өкілдері қатысты.


Аталмыш мәжілісте «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орындалуы барысы халық арасындағы діни сауаттылықты арттыру, ақпартаттық-насихат жұмыстарын жүргізуде өзара iс-қимылдарды жандандыру сияқты көптеген мәселелерге тоқталды.


Өз кезегінде қалалық «Әулие-ата» мешітінің Бас имамы Ахметжан қажы Керімбек еліміз өзін демократиялы, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтырғандығын, рухани өмірін өркендету, дін істерін реформалау саласы қазірдің өзінде нақты іс - шаралардың жүзеге асуымен, тың нәтижесін бергендігін және Қасиетті дініміз - Исламның беделі биіктен көрініп, дін өркениетінде дау туғызбас көшбасшылығы барша отандастарымызға айқын білінгендігін айтты.


Сонымен қатар, үстімізлегі жылдың алғашқы тоқсанындағы Кеңес отырысында қаланың 11 аумағында құрылып бекітілген мобильдік топтардың құрамындағы 11 мешіттің («Айсұлу ана», «Шейх Зунун», «Әбдіқадыр», «Намаз ата», «Асым ата», «Нәметбай», «»Әулие-Ата, «Бегалы ата», «Әкрам төре», «Иса Ахмет», «Төребек») имамдары ақсақалдар Кеңесінің мүшелерімен бірлесе отырып, бекітілген аумақтардағы мекемелер мен кәсіпорындарда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесі бойынша ақпараттық-насихат жұмысын арнайы кесте бойынша жүргізіп жатқандығына тоқталды.


Сөз соңында, қаламыздағы мешіттердегі діни қызметкерлер тарапынан Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының орындалуы барысы жоғары деңгейде деп айтуға болатындығын. себебі, бұл талап ҚМДБ тарапынан қатты қадағаланатындығын айтты.

 

Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің
Найб имамы Баймаханов Ораз

 

http://gifok.net/images/2013/06/24/kJ9gw.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/24/dewB.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/24/hZwC5.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/24/UsKxp.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: