Аудандық «Қордай» мешіті жанындағы қыздар сауат ашу курсы ашылды.

Аудандық «Қордай» мешіті жанындағы қыздар сауат ашу курсы ашылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаз мезгілінде мешіттерде сауат ашу курсы ұйымдастырылып, бұл игі іс кең қанат жайғаны баршамызды қуантады. Алғашқылардың бірі болып сауапты істі Қордай ауданының мұсылмандар жамағаты бастап, қанша жылдан бері үзбей, қайта жыл өткен сайын мол тәжірібие жинап игі істі жалғастыруда. Оның бір көрінісі биылғы жылғы жаз мезгілінде балаларға арналған сауат ашу курсының қыздар бөлімінің жұмысы болып табылады.

 

Биылғы жылғы қыз балаларға арналған сабақтар маусым айының 19-нан басталып міне бүгін өзінің сауапты ісін жалғастыруда. Қыз балаларға сабақ беруге облысымыздың өкіл имамы Д.Жұмабаев мырзаның бұйрығымен облысымыздың орталығы тарихы мол Тараздан «һибатулла Тарази» мешіті жанындағы сауат ашу курсының үш шәкірт қыз баласы: Г.Көпбаева, Г.Сатарова, Ж.Дуанбекова арнайы ұстаздық етуге жіберілді. Курсқа қатысушы қыз балалар жас ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлінді. Курсқа бүгінгі таңда 40 қыз бала оқып, ислами тәлім тәрбие алуа. Қыздарға мұғалим сәни кітәбі бойынша араб әліппесі мен тәжуид ережелері, иман негіздері сабағы және мұсылмандық әдеп сабақтары өтуде. Оқушылардың әлденіп алуларына дастарханда ұйымдастырылды. Ендігі жерде тек қана Хақ тағаланың кітәбі қасиетті Құранда жазылғандай «жақсылыққа жарысып» оқып, білімді арттыру ғана.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/06/22/Bv93k.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/22/1D0ym.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/22/rf50a.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/22/1XHaC.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/22/32acn.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/22/q7cQl.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/22/z7LvD.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/22/ExtJd.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/22/4jfWD.jpg

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: