Сауапты іс сауатты болмақ.

Сауапты іс сауатты болмақ.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бөлтірік шешен ауылында 1 Маусым - Балаларды қорғау күніне орай «Әбу Бәкір» мешіті жанынан ашылған хатымханада өтетін сауат ашу лагірге ауыл ақсақалдары мен тұрғындары көптеп жиналды. Іс-шараны ашып, алғашқы сөз кезегін алған аудандық орталық мешіттің бас имамы Н.Алиев: - Қадірменді жамағат! Балаларымыздың мерекесі құтты болсын! Жасап жатқан игілікті істің қайыры болсын, Алла шәкірттерімізге сана берсін, сабыр берсін, имандылықтың хақ жолынан тайдырмасын, - деген ақ ниетін айта келіп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерін тілге тиек етіп, ислам діні жайында ақбар беріп өтті.

 

Одан соң ауыл әкімі: - Бүгінгі оңтайлы келген орайлы істің ауыл балаларына жалпы ауыл тұрғындарына берері мол деп білемін. Балаларымыз болашақта жат әдеттен аулақ болып, бөгде қылыққа бармай, жақсы мен жаманды ажырата білулеріне көп септігін тигізетін осы жазғы оқудың ашылғаны бәріміз үшін қуаныш болып отыр. Балаларымыздың болашағы баянды, көрер қызықтары көп болсын, - деген аталық баталы тілегін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша осы іс-шараға демеушілік көрсетіп келе жатқан Сайлау атай өзінің ауылына деген ыстық ықыласын былай жеткізді: - Бұл менің тек қолымнан емес, жүрегімнен шыққан ыстық ықыласым, адал ниетім. Балалардың болашағына көлге тамған тамшыдай болса да үлес қосуым деп біліңіздер, - деп ойын түйіндеді.

 

Осы іс-шараға мұрындық болып, ұйымдастырып жүрген жерлесіміз Мәди Тәжімбетов Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі жиын соңында балаларға ілім үйрететін ұстаздарымен таныстыра келе, Құран сүрелерін көбірек жаттап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін жатқа білетін балалар үшін бас жүлде - спорттық велосипед, І орын-10000 теңге, ІІ орын-7000 теңге, ал ІІІ-ші орын 5000 теңге ақшалай сыйлықтар қарастырылғанынан да хабардар етті. Рухани байып, мерекелік көңіл күйге бөленген балаларға ақ жол тілеген аудандық орталық мешіттің бас имамы Н.Алиев арнайы сауат ашу курсына діни кітаптарды сыйға тартты.


Талас ауданының найб имамы Оразбаев Акбар

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/MB6i.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/9mN8.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/06/02/O29Kf.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: