31 мамыр - Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқы өз тарихында нені көрмеді!? «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» бастан өткізіп, ашаршылықтан түбімен жойылмай қалған ел зиялыларынан елім деп елжіреген сол кездің бетке ұстар азаматтарын аяусыз тоталитарлық жүйенің диірменіне лақтырылды. Қылышынан қан тамған қызыл империя жетекшілерінің шешімімен қасиетті қазақ жерінде жазалау лагерлері құрылды. Сол жазалау лагеріне сол жердің йесі болған қазақ зиялыларымен толтырды, тек қана өздерімен шектелмей олардың жұбайларын, балашағасында қоса қудалады.

 

Тәуелсіздік алған жылдан бері Елбасы Н.Ә Назабаевтың жарлығымен 31 мамыр - саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Міне осыған орай, құрбан болған азаматтарды еске алып, өскелең ұрпақтың бейбіт әрі тыныштық заманының құндылығын бағалай үшін аудан орталығының алаңында, саяси куғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылып, өсиетті әңгімелер айтылып, рухтарына Құран бағышталды. Аталмыш іс-шараға аудан әкімі Б.Байтөле, әкім орынбасары Б.Жаманкөзөв, аудандық мәслихат хатшысы Б.Әлімбет, аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов қатысты. Аудан әкімі Б.Байтөле осындай қаралы оқиғалардың қайталанбасына барлық әрекет жасау керектігін ескертіп, аудандық мәслихат хатшысы Б.Әлімбет өз сөзінде аталмыш қуғын-сүргіннің құрбаны және ашаршылықтан 3,5 миллион қазақ азаматтары жан тапсырғанын өкінішпен айтты.

 

Қарашай диаспаросының жетекшісі Йосиф ақсақал осындай қуғын-сүргінге қарашай халқыда ұшырап, бір түнде қоныс аударылғандығын айтып, қоныс аударушыларды мұсылман қазақ халқы күтіп алып, қиын қыстау заманға қарамастан барымен бөліскенін көзіне жас алып есіне түсірді. Ауданымыздың наиб имамы Б.Жүсіпов қасиетті Құраннан Ясин сүресін оқып қуғын-сүргін құрбандарына бағыштап, Жаратушыдан дұға етті. Осындай шаралар өскелең ұрпақтың санасында бейбітшілікке деген ұмтылыс пен барына қанағат етуге тәрбиелеп, өз елі, халқы үшін жан қиған азаматтарды естен шығармай үлгі тұтып, өткенді ескеріп, жарқын болашаққа ұмтылысы артар деген сенімдеміз.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы

 

 

http://gifok.net/images/2013/05/31/L9vlp.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/31/rWQ8O.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/31/vL20q.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/31/nSQb.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: