Жамағатқа сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Жамағатқа сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні білімді қатты бағалайтыны ақиқат. Білім жайлы, оның пайдалары мен игіліктері жайлы Жаратушы Иеміз өзінің қасиетті кітабында да, ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с) өз хадистерінде көп баяндайды. Осыған орай иман деңгейінің өсуі мен нығаюына білімнің әсері өте күшті екені шүбәсіз.


Иман дегеніміз көл болса, оның тұрақтылығын ұстап тұратын, оның тартылмауына септігін тигізетін өзен ол - білім. Егер де пенде білім атты өзеннің ағысын бекітіп тастаса немесе арнасын бұрып жіберсе, иман атты көл тартылып құрғап қалары сөзсіз. Әрине білім атты дария өзеннің таза болып, ластанбауын да қадағалау қажет. Білім алғанның өзінде кімнен және қай жерден алынатындығына жете назар бөлу қажет.

 

Әсіресе қазіргі Ислам шапанын жамылған жат ағымдардың көптігі мен өз мүдделеріне жұмыстарын атқарып жатқан, тынымсыз заманда. Осы мәселелерді ескеріп, Бас мүфти шейх Ержан Малғажыұлының үкімдеріне байланысты, Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай өзі бірінші болып жамағатқа сауат ашу курстарында сабақ өткізе бастады. Сабақ мешітіміздің тұрақты жамағатына аптасына үш рет ақшам мен құптан намаздарының арасында ұйымдастырылды.Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай ақида, яғни иман негіздері пәні бойынша дәріс оқып, сенім мәселелерінің ара жігін ашып берсе, наиб имам Б.Жүсіпов ахлақ яғни мұсылманның әдебі пәні бойынша жамағатты шынайы мұсылманның әдептеріне жете тоқталса, мешітіміздің баспасөз хатшысы Д.Жандосұлы ардақты елші, екі дүние сардары Мұхаммед (с.ғ.с) өмірбаяны, сира сабағынан дәріс оқып, жамағатты пайғамбар (с.ғ.с) өмірінің қыр-сырымен таныстырып, үлгі болар Пайғамбар өнегесімен сусындатуда.


Жамағаттың мешіт қызметкерлер ісіне разы болып, сабаққа қатысушылар саны күрт өсуде. Осындай дәрістер арқылы мешіт жамағатын, жалпы халықты жат ағымдардың ықпалынан ада етіп, жамағатымыздың діни сауатын арттырсақ деген ниетпен осындай шара ұйымдастырылды.
Сөз соңы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисімен аяқтасақ деген ниеттеміз: «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Аллаһ оған Жәннәтқа апарар жолын жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы, әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Аллаһтан оның күнәларының кешірілуін тілейді! Ал ғалымның қарапайым құлшылық етушіден артықшылығына келер болсақ, оның артықшылығы - аспандағы толған айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай» (әт-Тирмизи 2682).


Дәуренбек Жандосұлы,
Қордай аудандық орталық мешітінің баспасөз хатшысы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: