Шәкірттер тәжірибеден өтуге жіберілді.

Шәкірттер тәжірибеден өтуге жіберілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінде 18 шәкірт білім алады. Емтихандарын ойдағыдай тапсырған бұл 1 курс шәкірттерін облыс көлеміндегі 10 ауданның мешіттерінен тәжірибеден өту тапсырмасы күтіп тұр. Тәжірибеден өту уақыты 27 мамырдан 8 маусымға дейінгі аралықта жалғасады. Мұндағы мақсат шәкірттердің алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру. Шәкірттерге медреседен «Балалар әліппесі», «Менің демалыс кітабым» атты кітаптап берілді.


Елбасымыз Н.Назарбаев 2011 жылдың 22 қазанында «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің студенттерімен кездесу барысында айтқан сөзінде: «Сіздер Исламды оқумен қатар, біздің халқымыздың ежелгі тарихы мен бай дәстүрлерін де ұмытпауларыңыз керек. Сіздер тарихты, мәдениетті, әдебиетті, филисофияны білулеріңіз керек. Сіздер оқуды бітіргеннен кейін Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мешіттерде жұмыс істейтін боласыздар. Сіздер біздің қоғамдағы бірлік, бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін адамдарға түсіндірулеріңіз қажет», - деп айтқан болатын. Бұл сөзден түйетініміз, біздің де медресенің шәкірттеріне осындай жауапкеркершілік жүктеледі.

 

Лаура Алмаханова

 

http://gifok.net/images/2013/05/28/WAQFj.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/28/IWZLV.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/28/2luXr.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/05/28/Pyr0M.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: