Сауапты іске сәттілік.

Сауапты іске сәттілік.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың бірлігін танып, иманын кәміл еткен мұсылман баласына тіршілік пен құлшылық бірдей. Құлшылық болмай тіршіліктің оңалып кетуін ойлауда күпірлікке баратыны сөзсіз. Пенде мейірім деген асыл қасиеттен қағыс қалып, такаппарлық астамшылыққа аяқ басса, соңғы қадамы тозақтың есігіне тірелетінін қасиетті Құранда сан мәрте қайталап ескертеді.

 

Кімде-кім Алла жолында дінге қызмет қылса, Жаратқанның мейірімімен, шексіз рахметіне бөленеді. Құранда «Сендер Алланың дініне көмектесіңдер, Алла да сендерге көмектеседі» делінген («Мұхаммед» сүресі, 7-аят ). Міне  осындай ескертуді есінен шығармай, жарғақ құлағы жастыққа тимей дініміз үшін жұмыс атқарып жүрген дін өкілдеріне, ашық қол бауырларымызға Алланың нұры жаусын. Бүгінде мешіт-медреселерімізге көмек қолын созып, жақыннан жәрдемдесіп жүрген азаматтар да жоқ емес. Сондай азаматтардың көмегінде Тұрар Рысқұлов ауданы орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Жадыраев Сұлтаншарип қажының ұйымдастыруымен, аталмыш мешіттің күрделі жөндеуден өткізіп жаңарту жұмысын басталғанын,  ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бс имамы, Жұмабаев Данияр қажы өз көзімен көріп, жұмыс барысымен танысып, жамағатпен жүздесіп, сауапты іске сәттілік тілеп қайтты.


Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: